Алматыда «Шебер  қолдар» тақыры­бында шеберлік сабақтары өтті

/uploads/thumbnail/20180422232430418_small.jpg

Алматы музейінде Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында  О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер коллед­жінің 80 жылдығына және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мектеп-интернат, коллед­жінің 30 жылды­ғына орай «Шебер  қолдар» тақыры­бында ағаш ою және зергерлік бұйымдар байқауы, сондай-ақ, осы бағытта шеберлік сабақтары өтті.

Бұл байқау жаңа таланттарды ашу,  сәндік-қолданбалы өнерді сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру, отандық және әлемдік өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Шебер  қолдарға» Алматы қаласының көркемсурет колледжі студенттері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қалалық қолөнер мектебі оқушылары қатысты. Жастардың түрлі тақырыптағы жұмыстары бірінен-бірі өтеді: бәрінде де жүрек бар, сезім, шабыт, отаншылдық рух бар. Жас өнер иелерінің бұйым­дарына О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер кол­леджінің арнайы пән оқытушысы М.Өскенбай, Ә.Қастеев атын­дағы Мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Н.Баженова және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы колледжінің арнайы пән оқытушысы Г.Қастеева қазылық етті.

Іс-шара соңында сөз алған Түркістан қалалық қолөнер мектебінің мұғалімі Қ.Тасов қазақтың қолөнерін насихаттап, жастардың ұмтылысын оятатын, тәжірибе алмасатын осындай байқаулар, шеберлік сабақтары жиі ұйымдастырылсын деген тілегін білдірді.

Аталған жоба 2013 жылдың ақпан айынан бері жүзеге асырылып келеді. Осы кезең ішінде, демеушілердің қолдауы арқасында «АЯЛА» қоры Алматы, Астана, Ерейментау, Көкшетау және Есік қалаларында орналасқан 10-нан астам балалар білім мекемелерінде ағаш, темір және тігін шеберханаларын ашты.

«Шебер қолдар» жобасының мақсаты - балалар үйлері мен мектеп-интернат балаларына әр түлі кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік беру. 

Казіргі кезде ұлттық қол өнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналуда. Шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты әстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, азамат қоғамыңда бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
 
Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда. Ата бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды іскерлікке баулумен қатар ұлттық қолөнер шеберлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады.

Связанные Статьи